1962 жылғы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
- 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын аяқтаған.
- 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
- Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы:
- 1979–1984 жж. – Көкшетау поштамты тасымалдау цехының операторы.
- 1984–1985 жж. – Целиноград ауыл шаруашылығы институты Көкшетау филиалы кафедрасының ассистенті.
- 1985–1986 жж. – Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет атқарған.
- 1987 ж. – Көкшетау облысы Зеренді ауданының «Қарабұлақ» совхозында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші.
- 1987–1989 жж. – Көкшетау облысы Зеренді ауданының «Қарабұлақ» совхозының бас экономисі.
- 1989–1990 жж. – Мәскеу қаласы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.
- 1990–1991 жж. – Көкшетау облысы Қызылту аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі төрағасының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары.
- 1991–1992 жж. – Көкшетау облысы Қызылту аудандық әкімшілігінің Экономика комитетінің төрағасы.
- 1992–1995 жж. – «Тұмар» өндірістік-коммерциялық бірлестігінің коммерциялық директоры.
- 1995–1996 жж. – «Ақ-Селеу» ЖШС директоры.
- 1996–1997 жж. – Көкшетау облысы әкімі аппаратының экономикалық саясат және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.
- 1997 ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары (Петропавл қ-сы).
- 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау бөлімінің бастығы.
- 1998–2002 жж. – «Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (АРЭК) қаржы-экономикалық департаментінің директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары (Астана қ-сы).
- 2003–2005 жж. – «Қазақстан фермерлері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті.
- 2005–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының орынбасары, департамент директоры, аппарат басшысы.
- 2006–2007 жж. – Халықаралық қайта құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау» жобасының жетекшісі.
- 2007–2009 жж. – «Оңтүстік» ӘКК «Ұлттық компаниясы» АҚ департамент директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Шымкент қ-сы).
- 2009–2011 жж. – «Оңтүстік» ӘКК «Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы(Шымкент қ-сы).
- 2011–2012 жж. – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2012–2013 жж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
- 2013–2015 жж. – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2015–2016 жж. – «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РҚК төрағасының орынбасары.
- 2016–2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2018–2020 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2020–2022 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы.
- 2020–2026 жж. – «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары.
- 2026 жылғы 23 маусымнан бастап – «Ауыл» партиясының Төрағасы.
Марапаттары:
- «Парасат» ордені (2025 ж.).
- «Құрмет» ордені (2004 ж.).
- «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі (2022 ж.).
- «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және т.б. мерейтойлық медальдарымен марапатталған.