» » » Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру

Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру

28-05-2018, 13:52

 «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Оған «Ауыл» партиясының хатшысы Бөрібай Жексембин  және Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Ғылыми-зерттеу инситуттарының басшылары, партиясы филиалының саяси кеңес мүшелері, депутаттар, профессор-оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Олар жаңа технологиялар арқылы өнім сапасын арттырып, цифрлы жүйеге көшу мәселелеріне тоқталды. Бұл ретте тозығы жеткен техниканы жаңарту – агронеркәсіптік кешенді дамытуға жол ашпақ, - деді «Ауыл» партиясының хатшысы Бөрібай Жексембин.

  • «Техниканы жаңартпасақ, транспортты әкелмесек біз сол бұрынғы күйімізбен жүре береміз. Бүгінгі жаңа технологиялар заманында бұл ауадай қажет. Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму үдерісі мықты болмайды. Оны алға жылжыту үшін осы модернизация, цифрландыру жұмыстарын алға қою керек.»

 Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сабыржан Ешанқұловтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру бағытындағы басты мәселелердің бірі – білікті мамандардың тапшылығы.

  • «Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 184 орын бос болып отыр. Оның ең негізгілері: трактористер, тамшылап суғару технологияларынң операторлары, агрономдар, ветеринарлар және механиктер»

  Конференциядан кейін қонақтар Тараз инновациялық-гуманитарлық университенің Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан Агробиологиялық ғылыми зерттеу институтына барды. Бұл жерде студенттер үшін теорияны тәжірибемен ұштастыруға жағдайлар жасалған. Болашақта осы жерде зерттеу орталығы мен студенттер үшін жатақхана салу жоспарланып отырған көрінеді.

скачать dle 11.3

124-рет оқылды
Басып шығару

© 2018 «Ауыл» ХДПП


  • Яндекс.Метрика